Казгипроцветмет - Бас
Статьи и обзоры nachodki.ru

Б О Л А Ш А Қ Қ А – Ж А Ң А  Ж О Б А Л А Р М Е Н !
 
Құрметті әріптестер!
Біздің сайтымызға хош келдіңіздер.
 
  Казгипроцветмет – Қазақстанның жетекші инжинирингтік компаниясы, посткеңестік дәуірдегі сала көшбасшыларының бірі болып табылады, кешенді көп бейінді жобалаудың 70-жылдың тәжірибесі бар, әлемдік деңгейдегі зияткерлік және техникалық әлеуетке ие.
  Біздің сапалы, ғылымды қажет ететін жобаларымыздың негізінде республикамыздың барлық өңірлерінде, Ресейде, Қырғызстанда және басқа да елдерде тау-кен өндіру, металлургия, химия, машина жасау өнеркәсібінің әлемге әйгілі елуден астам кәсіпорнының, сондай-ақ инфрақұрылым, экология, құрылыс индустриясы, азаматтық құрылыс нысандарының құрылысы және жаңғыртылуы жүзеге асырылуда.
  Біз өз қызметіміздің саласын үнемі кеңейтіп отырамыз, әлемнің көптеген елдеріндегі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік компанияларымен, ЖОО, технобақтарымен, трансұлттық корпорацияларымен белсенді түрде әріптестік жасап келеміз. Еліміздің Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын бірлесе отырып жасап, іске асырамыз, Мемлекет басшысының алға қойып отырған Қазақстан мен ЕАЭО елдері экономикасының ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін дамыту бойынша үшінші технологиялық модернизация міндетін шешудеміз.
Құрметті әріптестер, Сіздің компанияңызбен де табысты әріптестік жасауға дайынбыз.
Біздің кәсіби мамандардың тәжірибелі командасы көкейтесті өндірістік және әлеуметтік міндеттеріңізді,
экономикалық және экологиялық мәселелеріңізді шешуге кепіл береді.
Инновациялық жобаларға бүгін тапсырыс бергендер ертеңгі күні құрылысын салып, ойдағыдай дамитын болады.
 
Құрметпен, Тоқан Чайжүнүсов, Казгипроцветмет президенті,
профессор, академик, Қазақстанның Еңбек сіңірген құрылысшысы,
Өскемен қаласының, Шығыс Қазақстан облысының және
ШҚО аудандарының Құрметті азаматы

Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05