1 желтоқсан - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ
16, 17 желтоқсан - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Құрметті ханымдар мен мырзалар, әріптестер!
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, отбасында береке, аман-саулық, игі істерде табыс, біздің ортақ Шаңырағымызда бірлік, келісім мен бейбітшілік тілейміз! Сәттілік серік болсын!
Т. Чайжүнүсов, КГЦМ президенті
Директорат, ЖБИ, Казгипроцветмет ұжымы
2018 жылғы 29 қазаннан 1 қарашаға дейін «Белая гора» ЖШҚ (Ресей) алтын шығару фабрикасын (АШФ) қайта құру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеудегі серіктестер - SGS BATEMAN (PTY) LTD (ОАР) Казгипроцветметте болып қайтты.
Анығырақ...2018 жылдың 21-28 қазан аралығында Казгипроцветмет өкілдері «Б.И. Колесников атындағы Надеждинск металлургиялық зауыты. Кешенді энергия үнемдеу» жобасы бойынша әріптестіктің мүмкіндіктерін талқылау үшін Норильск қаласындағы «Норильск никелі» КМК» ЖАҚ жұмыс сапарымен барып қайтты.
Анығырақ...2018 жылғы 2 қазанда жобалық өнімдерге тапсырыс берушілер - «Челябинск мырыш зауыты» ЖАҚ, «Nova Цинк» ЖШС және «Уралмеханобр» ААҚ басшылары «Ақжал» кен орнын игеру бойынша жобалық шешімдерді қарау үшін Казгипроцветметке сапармен келіп қайтты.
Анығырақ...2018 жылғы 1 қыркүйекте КГЦМ-нің «Мечта Алтая» демалыс базасындағы жазғы маусым жабылды. Институттың 200-ге жуық қызметкері отбасыларымен бірге Бұқтырма су қоймасының табиғаты тамаша жағалауында демалып, денсаулықтарын нығайтты.
Анығырақ...2018 ж. 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні
Құрметті әріптестер! Қадірменді ханымдар мен мырзалар!
Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табысты еңбегіміз, әр адамның игілігі үшін, Отанымыздың игілігі мен өркендеуі жолындағы жемісті әріптестігіміз жалғаса берсін.
Зор денсаулық, бейбіт өмір, жан жылуы мен аман-саулық тілейміз!
Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға сәттілік серік болсын!
Т. Чайжунусов, КГЦМ президенті
Директорат, жобаның бас инженерлері, Казгипроцветмет ұжымы
2018 жылғы 23 тамызда «Карабашмедь» (РМК) ЖАҚ өкілдері Казгипроцветметте болып қайтты. КГЦМ басшыларымен және мамандарымен келешектегі әріптестік мәселелеріне қатысты жұмыс кеңестері өтті.
