Казгипроцветмет - Компания туралы
Шаблоны Joomla 3 тут

Компания туралы

 

   «Казгипроцветмет» түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі Қазақстан бас институты (КГЦМ) Қазақстанның жетекші инжинирингтік компаниясы, посткеңестік дәуірдегі жобалау ісінің көшбасшысы болып табылады. Түсті және қара металлургия, алтын өндіру, сирек металды, сирек топырақты, машина жасау, химия және басқа да өнеркәсіп салаларының нысандарын, сондай-ақ азаматтық құрылыс нысандарын кешенді технологиялық және құрылыс жобалауын орындайды.

    Казгипроцветмет КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 ж. 17 тамыздағы № 11131-Р өкімінің және КСРО Түсті металлургия министрлігінің 1947 ж. 13 желтоқсандағы № 425 бұйрығының негізінде Өскемен қаласында – Шығыс Қазақстанның орталығында Кенді Алтай мен Сібірдің бай кен орындарын игеруге ықпал ету мақсатында құрылған.
   Институт тез өсіп, өз қызметінің саласын үнемі кеңейтіп отырды, ал 1966 жылы КСРО түсті металлургиясының қорғасын-мырыш ішкі саласы бойынша бас жобалау институты болып, 1992 жылы - Қазақстан Республикасының кен-металлургия кешені бойынша бас институты болып бекітілді.
   Институт Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның мемлекеттік лицензияларына , ISO 9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің сертификатына, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациялау куәлігіне ие. ҚР Жер қойнауын пайдаланушылардың адал жеткізушілері тізілімінде және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді жеткізушілердің бірыңғай тізілімінде, Ресей Федерациясы Свердлов облысы өздігінен реттелетін жобалаушылар ұйымына тіркелген. 
   Казгипроцветметтің мамандандырылған 20 бөлімінде қызметтің барлық көпбейінді бағыттары бойынша 500 астам біліктілігі жоғары мамандар еңбек етеді. Институтта еңбек етуге және дем алуға жақсы жағдайлар, кызметкерлердің кәсіби өсуі үшін барлық жағдайлар жасалған, техникалық және бағдарламалық қамтым үнемі жетілдіріліп отырады, әлеуметтік сала дамуда.
   Ғылым мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізу мақсатында институт Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдің: Германияның, Финляндияның, Италияның, Данияның, Швецияның, Швейцарияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның, Турцияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, ОАР және т.б. мемлекеттердің жетекші компанияларымен әріптестік жасайды.
   2016 жылы «Казгипроцветмет» институтының және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында Халықаралық инновациялық-өндірістік Консорциум құрылды, ол әлемнің көптеген елдерінің ғылыми-зерттеу, инжинирингтік, өнеркәсіптік компанияларының, университеттерінің, технобақтарының, корпорацияларының басын біріктірді. Біз бірлесе отырып озық технологиялар әзірлеу және трансферті міндеттерін, жобалардың тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа кәсіпорындардың құрылысын салу және бұрынғы кәсіпорындарды модернизациялау міндеттерін шешеміз.
   Казгипроцветметтің инновациялық жобаларының негізінде республиканың барлық өңірлерінде және елімізден тыс 50-ден астам әлемге әйгілі кәсіпорындардың дамуы жүзеге асырылуда. Миллиардтаған доллар инвестициялар игерілуде, озық технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, экология және еңбекті қорғау мәселелері шешілуде, бәсекеге қабілетті өнім шығарылып, қалалар мен ауылдар дамуда. Біздің ұйымшыл біліктілігі жоғары ұжымымыз сенімді іскер серіктестірімізбен бірге еліміздің Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға, Қазақстанның және ЕАЭО елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және жоғары әлемдік рейтингіне өзінің қомақты үлесін қосып отыр.
 
Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05