Казгипроцветмет - Әлеуметтік сала
Все для Joomla . Бесплатные шаблоны и расширения.

Әлеуметтік сала

 
  
   Кез-келген компанияның басты байлығы және табысының кілті – адамдар, олардың кәсібилігі, ұйымшылдығы, өзара түсіністігі. Сондықтан институт басшылығының жұмысындағы басымдылық – адамдарға қамқорлық көрсету болып табылады. Институтта еңбек етуге және дем алуға жақсы жағдайлар жасалған, жайлы психологиялық климат, зиялылық, мақсатқа талпыну, өзара құрметтеу атмосферасы қалыптасқан.
   Кәсіби өсу келешегі, мамандардың біліктілігін арттыру, сапаны жақсартуды моральдық және материалдық ынталандыру және еңбек өнімділігі қамтамасыз етіледі. Жұмысқа ЖОО ең үздік түлектері қабылданады. Тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен жас мамандар жауапты жобалау ісінің қыр-сырын игереді, мансапта тез өседі. Ұрпақтар сабақтастығы және еңбек әулеттері дәстүрлері сақталып, дәріптеліп келеді. Институттың еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетіліп отырады.
   Тұрақты түрде еңбек ұжымының жиналыстары және бөлімше басшыларының жұмыс қорытындысына және институт дамуының келешегіне қатысты кеңестері, ардагерлермен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер, мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
   20 мың шаршы метрден астам аумақта кабинеттердің, автоматтандырылған жұмыс орындарының, мәжіліс және келіссөз жүргізу залдарының, акт және спорт залдарының, көлік паркінің, ағаш ұста шеберханасының, асхананың, емхананың, мұражайдың жөндеу, қайта құрылуы жұмыстары жүргізіліп, заманға сай жабдықталды.
   Мұражайда институттың даңқты тарихының кезеңдері, Қазақстанның минералды ресурстарының байлығы, бұрынғы КСРО, Қазақстанның, Ресейдің және басқа да елдердің тау-кен өндіру, металлургия және басқа да өнеркәсіп салаларының қалыптасуына және дамуына жобалаушы инженерлердің бірнеше ұрпағының қосқан үлесі көрсетілген. Мұражай іскер серіктестерді Казгипроцветметтің көпжылдық жемісті еңбегімен таныстыруда, жас мамандардың ортақ жасампаздық еңбекке қатысқаны үшін мақтаныш сезімін және институттың жоғары дәрежедегі имиджін ұстаудағы жауапкершілігін тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.
 
 
    Еңбектегі үлкен жетістіктер – мерекелік көңіл-күйдің негізі!
   Біздің ұйымшыл еңбек отбасымыз– жұмыс күндерінде де, мерекеде де әрқашан бірге. Институт қызметкерлері, ардагерлері және қонақтары үшін әдемі, жаңартылған, жарық акт залында Мемлекеттік мерекелерге орай салтанатты іс-шаралар, ұмытылмас жаңажылдық кештер, Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысының үздік әртістерінің концерттері, облыстық драма театрының спектакльдері өткізіліп отырады. Жарқын, көңілді мерекелік іс-шаралар алдағы бірлескен жұмыста тамаша көңіл мен шабыт сыйлайды.
 
 
   Дені саудың – жаны сау! Қызықты әрі белсенді демалыс – шығармашылық қуат алу үшін және спорттық дене пішінін сақтау үшін!     
  Институттың спорт залында: воллейбол алаңы, теннис залы, тренажерлер залы жабдықталған. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері денсаулық секцияларына, спорттық секцияларға қатысады. Социалистік Еңбек ері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Халық мұғалімі Чайжүнүсов Жақия Чайжүнүсұлын еске алу құрметіне воллейболдан КГЦМ чемпионаттары, шахматтан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан облыстық турнирлер және басқа да жарыстар өткізіліп отырады.
  Институт ғимаратында орналасқан «Сербиан» асханасында жабдықтар жаңартылып, заманға сай ішкі көрінісі жасалған. Асхананың тәжірибелі жұмыскерлері түскі үзіліс уақытында институт қызметкерлерін алуан түрлі тағам түрлерімен, мерекелік зияпаттар өткізуді, дүкен мен аспазхананың жұмысын, отбасылық арнайы тапсырыстарды орындауды қамтамасыз етеді. 
   Сондай-ақ институт қызметкерлеріне ыңғайлы болуы үшін институттың ғимаратында диагностикалық зертханалары бар «Вита-1» көпбейінді емхана орналасқан. Әртүрлі бағыттағы білікті дәрігер мамандар профилактикалық тексерулер жүргізіп, КГЦМ қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қабылдайды. 
   Бұқтырма су қоймасының табиғаты тамаша жағалауында орналасқан «Мечта Алтая» жазғы демалыс базасын кеңейтуге және абаттандыруға қомақты қаражат салынып отыр. КГЦМ президенті Т. Чайжүнүсовтың бастамасы бойынша кәсіпорындардың демалыс базаларына апаратын таулы қара жол учаскесіне асфальт төсеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүзеге асырылды. Тамаша табиғат, шыршалы орманның ортасында тұрған жайлы үйлер, таза ауа, күннің нұрлы сәулесі, тұп-тұнық су, шомылу, балық аулау – тамаша демалыс үшін барлығы бар. Жыл сайын жаздық демалыс маусымында институттың үш жүзден астам қызметкерлері өздерінің отбасыларымен «Мечта Алтая» базасында демалып, алдағы шығармашылық жұмысқа күш жинайды.
 
 
Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05