Казгипроцветмет - Персонал және құрылымдық бөлімшелер

Персонал және құрылымдық бөлімшелер

 
    Казгипроцветметтің құрамында 20 мамандырылған бөлім бар, онда біздің қызметіміздің барлық бағыттары бойынша біліктілігі жоғары 500-ден астам маман еңбек етеді: іздеуші инженерлер, геологтар, маркшейдерлер, кеншілер, байытушылар, металлургтер, механиктер, конструкторлар, құрылысшылар, сәулетшілер, энергетиктер, экологтар, экономистер, бағдарламашылар, қазақ, ағылшын және неміс тілдерінің аудармашылары және т.б.
     Біздің компаниямыздың табысы – кәсіби мамандардың ұйымшыл көпұлтты командасы. Адамдар – біздің басты байлығымыз. Институттың көпжылдық тарихы бойында дарынды инженерлер мен жобалау өндірісін ұйымдастырушылардың бірнеше буыны ауысты. Шығармашыл ұжымымыз өсіп, жасарып келеді, қызметкерлердің орташа жасы 37-38 жасты құрайды.
    Біз жоғары оқу орындарымен әріптестік жасаймыз, біздің тәжірибелі мамандарымыз дипломдық жобалауға жетекшілік жүргізеді, еліміздің жетекші университеттеріндегі мемлекеттік біліктілік комиссиясының мүшесі ретінде шақырылып отырады. ЖОО үздік түлектерін жұмысқа шақырамыз, олардың кәсіби өсуі үшін барлық жағдай жасаймыз. Казгипроцветмет әрқашан «кадрлар шеберханасы» болған және болып қалады. Тәжірибесі мол тәлімгерлердің жетекшілігімен жас мамандар жауапты жобалау ісінің қыр-сырын тез игеріп, мансапта ойдағыдай өсіп отырады. Институтта ұрпақтар сабақтастығы және еңбек әулеті дәстүрлері құндылықпен сақталып, көбейіп келеді.
    Бөлімдер мен қызметтер жұмысының барлық бағыттары бойынша бөлімдердегі, курстардағы, семинарлардағы техникалық оқытуда жоспарлы және тұрақты түрде қызметкерлердің біліктілігі арттырылып отырады:
- технологиялық және құрылыс жобалауы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді орындау (авторлық қадағалау);
- өнеркәсіптік қауіпсіздік, нормативтік құжаттардың (ҚН, ҚНжЕ, республикалық, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптары);
- автоматтандыру құралдары, жобалау ісінің жаңа бағдарламалары және технологиялары;
- сапа менеджменті жүйесі - ISO 9001 халықаралық стандарттарына сәйкес.
    Сонымен қатар институт мамандары салалық, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық конференцияларға, форумдарға, көрмелерге қатысып отырады, озық тәжірибелерді, тиімді технологияларды және өнімділігі жоғары жабдықтарды зерделеу және қолдану мақсатында Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдің жетекші компанияларымен шығармашылық әріптестікте жұмыс істейді.
 
 
 
 
Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05