Казгипроцветмет - Тарихы

Тарих кезеңдері

ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ

 
1947 ж. 17 тамыз – КСРО Министрлер Кеңесінің соғыстан кейінгі жылдары ел өміріне қажетті Шығыс Қазақстан (Кенді Алтай) мен Сібірдің аса бай кен орындарын жеделдетіп игеру мақсатында «Гипроцветмет» түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау бойынша мемлекеттік институтының (Мәскеу қ.) Өскемен қаласында Алтай бөлімшесін «Алтайгипроцветмет» ашу туралы № 11131-р жарлығы шықты.
1947 ж. 13 желтоқсан – КСРО түсті металлургия министрлігінің Алтайгипроцветмет қызметін ұйымдастыру үшін айналым қаражатын бөлу туралы № 425 бұйрығы шықты.
1948 ж. 28 ақпан - Алтайгипроцветмет директоры болып Текелі кенішінің бастығы – дарынды тау-кен инженері және іскер басшы Сергеев Николай Николаевич тағайындалды (КСРО ТММ «Главцинксвинец» Бас басқармасы бойынша № 63/К бұйрығы).
1948 ж. сәуір - дайындық жұмыстары аяқталды: Өскемен мырыш зауыты (ӨМЗ) басқармасының ғимаратында бөлме-жайлар бөлініп, жабдықталды ; жобалаушыларға арналған жатақхана салынды; Мәскеуден Алтайгипроцветметке Гипроцветметтің бір топ тәжірибелі инженерлері жіберілді (В.В. Якимчик, Г.Е. Чечет, А.С. Актачинский және басқалары).
1948 ж. 12 сәуір - Алтайгипроцветмет өзінің жемісті еңбегін бастап кетті. Тәжірибесі мол мәскеуліктер жаңадан қадам басқан инженерлерді шебер жобалаушы болуға үйрете бастады. Оншақты ғана алғашқы бастамашылдардан үлкен шығармашыл ұжым құралды. Н.Н. Сергеев институтқа ЖОО үздік түлектерін және Кеңес Одағының көптеген қалаларынан инженер-өндірісшілерді шақырды. Олардың басым көпшілігі жобалау ісіне бүкіл өмірлерін арнап, институттың еңбек әулетінің негізін қалаушыларға айналды. Алтайгипроцветмет құрылған кезінен бастап кәсіпорындар үшін кез-келген күрделі нысандарды жобалауға тапсырыстарды орындауға қабілетті көрнекті, абырой-беделді серіктес бола алды. Ұжым тез өсіп, өндіріске 1950 жылы Өскемен қаласында құрылған «ВНИИцветмет» салалас ғылыми-зерттеу институтының және басқа да ҒЗИ жасаған ғылыми зерттемелерін белсенді түрде енгізіп отырды.
 
 
1955 ж. қараша - Алтайгипроцветмет Ворошилова көшесі 156 үйдегі ғимаратқа көшірілді, ол 1954 жылы Алтайгипроцветметтің жобасы бойынша салынған (Бұл ғимаратта отырған ҚазКСР Түсті металлургия министрлігі Алматыға көшірілді). Одан кейінгі жылдары институттың дамуымен негізгі ғимаратқа мәжіліс залы, асханасы, спорт залы бар үш, төрт, алты қабатты корпустар жаңадан жапсарласа салынды. 1985 жылға қарай институттың ауданы 1,6 мың шаршы метрден 20 мың шаршы метрге дейін өсті.
1956 ж. 25 шілде - Алтайгипроцветмет Алматы қаласындағы филиалы бар «Казгипроцветмет» Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі мемлекеттік институты болып (КГЦМ) өзгертілді (КСРО ТММ № 339 бұйрығы). 1956 жылы институттың құрамында жалпы саны 484 адамнан тұратын 12 бөлім жұмыс істеді.
1956 -1966 жж. – Казгипроцветмет жұмыскерлерінің саны 1000 адамға дейін өсті. Институттың біртқатар бөлімшелерінің негізінде Алматыдағы “Казмеханобр”, “Казгипрохиммаш” , Өскемендегі “ВостокГИИЗ”, “Востокоблсельпроект” мамандандырылған жобалау ұйымдары құрылды. Сондай-ақ КГЦМ-нің көптеген мамандары министрліктерге және басқа да ірі ұйымдарға жоғары лауазымдарға ауыстырылды.
1966 жылы Казгипроцветмет КСРО түсті металлургиясының қорғасын-мырыш ішкі саласы бойынша бас жобалау институты болып бекітілді. Бұл уақытқа қарай институт тек Шығыс Қазақстанның ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің басқа да облыстарындағы кәсіпорындар үшін жобалау жұмыстарының тапсырыстарын ойдағыдай орындайды.
1971 жылы Казгипроцветмет директоры болып КГЦМ жобаның бас инженері, тәжірибелі тау-кен инженері Лустин Александр Петрович тағайындалды. Н.Н. Сергеев зейнетке шықса да, ұжыммен байланысын үзбей, өмірінің соңына дейін өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп келді (1988). Оның бастамасымен 1985 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40-жылдығына орай Казгипроцветметтің тарихи-өндірістік мұражайы ашылған болатын.
1979 жылы Казгипроцветмет саладағы ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру бойынша бас институт болып бекітілді. КГЦМ жобалары бойынша озық технологиялар мен өнімділігі жоғары техникалардың негізінде КСРО-ның ондаған аса ірі тау-кен өндіру, металлургиялық кәсіпорындары, машина жасау зауыттары салынды. Бұдан басқа, КГЦМ жобалары Куба, Италия, Боливия мемлекеттерінің кәсіпорындарында іске асырылды. Казгипроцветмет қаладағы және республикадағы ұзақ уақыт бойы тұңғыш және жалғыз жобалау институты болды, сондықтан тек өнеркәсіптік қана емес, сонымен қатар азаматтық нысандардың жобаларын да орындаған: әуежай, телеорталық (облыс орталықтарының арасындағы тұңғыш), ауруханалар, ЖОО, мектептер, тұрғын үйлер, жылыжайлар, шекара заставалары, көпірлер, жолдар дәне т.б. Ал қазіргі уақытта институт мамандары өнеркәсіптік те, сәулет-қала құрылысының да нысандарының жобаларын әзірлейді.
 
 

БЕТБҰРЫС ЖЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ

 
90-жылдары - тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу жылдары. Ел Үкіметі Казгипроцветметке өндірістік қызметті тұрақтандыру және еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарын алдағы уақыта дамыту бойынша іс-шаралар әзірлеуді тапсырып, инженер-жобалаушылардың тәжірибелі ұжымына үлкен сенім артты.
1992 жылы Казгипроцветмет Қазақстан түсті металлургиясының қорғасын-мырыш, мыс, титан, марганец және қалайы ішкі салалары бойынша бас жобалау институты болып бекітілді.
1995 жылы – ҚР жаңа заңнамасына сәйкес институт Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздеу, сарапшылық жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға мемлекеттік құрылыс лицензиясын алды.
1996 жылы Казгипроцветмет түсті және қара металлургия, алтын өндіру және машина жасау өнеркәсібі, сондай-ақ сирек және қымбат металдар өндіру және олардан бұйымдар жасау бойынша бас жобалау институты болып; 1998 жылы - Қазақстан Республикасының кен-металлургия кешені бойынша бас жобалау институты болып бекітілді.
2000 жылы институт президенті болып Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген құрылысшысы, облыстың аса ірі құрылыс ұйымдарын басқаруда 30-жылдық тәжірибесі бар Тоқан Жақияұлы Чайжүнүсов сайланды. Дарынды, көреген басшы өзінің күш-қуатымен және бастамасымен, ел экономикасын ойдағыдай қалпына келтіруге деген өзінің сенімімен адамдарды жігерлендіре білді. Экономикалық реформалардың барлық қиындықтарын жеңе отырып, Казгипроцветмет қайтадан техникалық және кадрлық әлеуетін ұлғайта бастады. Ұжым Республика Үкіметінің кәсіпорындарды дамыту сызбаларын әзірлеуге қатысты тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Кәсіпорындармен біріге отырып техникалық қайта жарақтау және өндірісті кеңейтудің тиімді жобаларын жасауға кірісті.
 
 
ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР
 
2000-2016 жж. полиметалл, хром, темір рудасы, бокситтердің, фосфориттердің кен орындарын игеру жобалары жасалып, іске асырылды. Қазақстан ақша сарайы салынды, Қазақстанның мақтанышы – автокөлік зауыты салынуда. Сонымен қатар институт Орыс мыс компаниясы, Орыс платинасы, Норильск никелі және Ресейдің басқа да өнеркәсіптік алпауыттары үшін жобалар орындады.
2000 жылы институт лицензиясы көмір саласы кәсіпорындарын жобалау құқығымен толықтырылды.
2002 ж. Ресей Федерациясының аумағында жобалау-іздеу жұмыстарын жүргізуге Мемлекеттік лицензия алынды.
2004 ж. – табиғатты қорғайтын жобалауға және нормалауға лицензия алынды.
2004 ж. – КГЦМ сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, МС ISО 9001:2000 сәйкестігіне сертификатталды.
2006 ж. Украина аумағында жобалау-іздеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алынды.
2007 ж. – Қырғызстан аумағында жобалау-іздеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алынды.
2008-2009 жылдары дүниежүзілік қаржы дағдарысына байланысты тапсырыстар саны күрт азайып кетті. Алайда тәжірибелі жетекшінің басшылығымен КГЦМ-нің ұйымшыл ұжымы тұрақтылықты сақтап, тез қалпына келе бастады, кейіннен жобалау-іздеу жұмыстарының дағдарысқа дейінгі көлемдерін арттыра түсті. Институт аса ірі тапсырыс беруші кәсіапорындармен және озық технологияларды әзірлеушілермен – Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің жетекші компанияларымен тығыз әріптестікте қызмет саласын кеңейту жұмыстарын жалғастырды.
2008 жылы «Оутотек» (Финляндия) компаниясымен, одан кейінгі жылдары – басқа да шетелдік фирмалармен стратегиялық әріптестік туралы келісімдерге қол қойды.
2009 ж. – мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістері нысандарын жобалауға мемлекеттік лицензия алды.
2009 ж. - КГЦМ СМЖ ISO 9001:2008 халықаралық сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты алынды.
2010 ж. – атом энергиясын пайдаланатын нысандарды жобалауға мемлекеттік лицензия.
2010 ж. - Казгипроцветмет Ресей Федерациясы Свердлов облысы жобалаушыларының өзі реттеуші ұйымына қабылданды.
2011 ж. – өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеуге мемлекеттік лицензия алынды.
2011 ж. – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сарапшылық жұмыстарға және инжинирингтік қызметтерге мемлекеттік лицензия алынды.
2013 ж. –тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушінің куәлігі алынды.
2013 ж. - Казгипроцветмет Жер қойнауын пайдаланушылардың адал жеткізушілерінің тізіліміне және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді әлеуетті жеткізушілерінің бірыңғай тізіліміне белсенді қатысушы ретінде Алғыс сертификатымен марапатталды.
Желтоқсан 2014 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне орай КГЦМ президенті Т. Чайжүнүсовтың бастамасымен қайта құрылған Казгипроцветмет мұражайы ашылды. Мұражайда институттың қалыптасуы және дамуы туралы, Қазақстанның минералдық ресурстарының байлығы туралы бірегей экспонаттар қойылған.
2014 ж. – Казгипроцветметтің жетістіктері Ұлттық бизнес-рейтингілер халықаралық рейтингтік одағының шешімі бойынша «Сала үздігі» сертификатымен және «Үздік сапа үшін» медалімен марапатталды.
2016 ж. – Казгипроцветмет Әл-Фараби ат. ҚазҰУ және Қазақстан-Корей технологиялық әріптестік орталығымен бірлесіп халықаралық Инновациялық-өндірістік Консорциум құрды. Консорциум қызметін ұйымдастырумен және үйлестірумен КГЦМ-де құрылған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет орталығы айналысады.
2016 ж. - КГЦМ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001 халықаралық стандарттарына сәйкестігіне қайта сертификаттау аудиті ойдағыдай өтті.
2016 ж.- Казгипроцветметтің жетістіктері Ұлттық бизнес-рейтингілер халықаралық рейтингтік одағының шешімі бойынша «Сала үздігі» сертификатымен және «Үздік сапа үшін» медалімен марапатталды.
2016 ж. - Ұлттық бизнес-рейтингілер халықаралық рейтингтік одағы Казгипроцветмет президенті Тоқан Чайжүнүсовке «Жыл басшысы» атағын берді.
 
 
Қазіргі уақытта институт құрамында 20 бөлім бар, оларда қызметтің барлық көпбейінді бағыттары бойынша 500 астам маман еңбек етеді. Тәжірибелі біліктілігі жоғары ұжым әлемдегі бірегей инновациялық жобалар жасайды, экология және еңбекті қорғау мәселелерін шешеді, түсті, қара металлургия және өнеркәсіптің басқа салаларындағы қызмет бағыттарын үнемі кеңейтіп отырады. Қазақстанда КГЦМ жобалары бойынша көптеген нысандар салынған және тұңғыш рет салынып жатыр – бұл химия, кокс өндірісі, автомобиль жасау. Ресей кәсіпорындары үшін заманауи жобалар да ойдағыдай әзірленген. Институттың жобалары туралы толық ақпарат тиісті айдарда берілген.
Институтта іргесін қалаған кезден бастап өндіріс те, әлеуметтік сала да мақсатты түрде дамып келеді. Компанияны үздіксіз модернизациялау, мамандардың біліктілігін арттыру тұрақты түрде жүзеге асырылады. Кәсіби өсу келешегі, еңбек пен демалысқа жайлы жағдайлар қамтамасыз етілген. Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де лайықты құрмет көрсетіліп отырады (институтта 260 астам зейнеткер бар). Институт ұжымы бірінші жетекшінің басқаруымен мұқтаж жандарға, мүгедектерге, жетім балаларға, білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениет және спортты дамытуға көмек қолын созып отырады.
Казгипроцветметтің жетістіктері бірнеше мәрте Президенттің, Үкіметтің, ҚР Парламентінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталып, тапсырыс берушілердің жағымды пікірлеріне бөленген. Барлық жетістіктеріміз бен табысымыз – дарынды, өз ісіне адал жобалаушы инженерлердің, ғалымдардың, жобалау өндірісін ұйымдастырушылардың бірнеше ұрпақтарының көпжылдық жауапты еңбегінің жемісі. Пікірлестердің көпұлтты ұйымшыл ұжымы алға қойылған міндеттердің маңыздылығын түсінеді, ұрпақтар сабақтастығы және еңбек әулеттері дәстүрлерін, зиялылық пен өзара түсіністіктің ерекше атмосферасын сақтап, көбейтуге тырысады, бүгінгі күні мұражайдағы бірегей жәдігерлерден көрініс тапқан Казгипроцветметтің аса бай тарихын мақтан тұтады. Бұл даңқты тарихты ендігі кезекте жас буын жалғастыруда. Институттың персоналы және әлеуметтік саласы туралы толық ақпарат тиісті айдарларда берілген.
Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05