Казгипроцветмет - Ақпараттық ресурстар
Шаблоны Joomla здесь

Ақпараттық ресурстар

  Жобалау барысында барлық қажетті ақпараттық ресурстар қолданылады: 

- өзекті бағдарламалық кешендер;
- геоақпараттық жүйелер, Жерді ғарыш аппараттарынан қашықтықтан зондылау деректері;
- КГЦМ мамандарымен әзірленген меншік бағдарламалар;
- озық технологиялар мен жабдықтар туралы, заманауи құрылыс материалдары туралы ақпарат (ҒЗИ, кәсіпорындармен әріптестік, Ғаламтор);
- ғылыми-техникалық және мерзімдік басылымдар, институттың көпбейінді қызметінің барлық бағыттары бойынша нормативтік құжаттар (республикалық, мемлекетаралық, халықаралық). Ғылыми-техникалық кітапхананың қоры 20 мыңнан астам бірлікті құрайды. Электронды басылымдар кеңінен қолданылады.
- институттың жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) – кәсіпорындарды кеңейту және модернизациялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы деректер ретінде пайдаланылады. Техникалық мұрағатта ЖСҚ 160 мыңнан астам есептік бірлігі сақталған. Электронды мұрағат, жабдықтар туралы электронды деректер қоры жасалған және тұрақты түрде толықтырылып отырады.
 

 

Қолданылатын бағдарламалық кешендер:

AutoCad – жобалық құжаттамалар әзірлеудің негізгі құралы.

Lira, ФОК, Парус, Мираж, ScadOffice - конструкциялар, іргетастар беріктігінің есептеулері, сипаттамалар беру.

Конвейер - таспалы конвейерлердің есептеулері.

CredoDat, Credo Топоплан, Credo Transform, Credo желілі іздеулер, Credo Геология, Credo Геостатистика, Credo Геокарталар - инженерлік-геодезиялық, геологиялық деректерді өңдеу, инженерлік мақсаттағы сандық үлгілер жасау, бас жоспарларды жобалау.

АРМ WinMachine – механикалық жабдықтар мен конструкцияларды автоматты есептеу және жобалау жүйесі.

Integral «Эколог» - табиғатты қорғау қызметінің бағдарламалық құралдары.

Micromine – көлемді (3D) ортада геологиялық барлау деректерін түсіндіруге, толық геостатикалық талдау жүргізуге, үш өлшемді модельдер тұрғызуға, ресурстарды, қорларды жіктеуге, бағалауға, тау-кен жұмыстарының әрленіміне арналған бағдарламалық кешен.

Trimble «Tekla» - әртүрлі материалдардың (болат, бетон, ағаш және т.б.) деректер қорын басқаруға мүмкіндік беретін үш өлшемді модельдеуге арналған біріктірілген шешім.

Integraph «CadWorx» - өнеркәсіптік жобалауға арналған AutoCAD негізіндегі құралдардың біріктірілген кешені.

Integraph «CadWorx P@ID» - зияткерлік монтаждау-технологиялық және принциптік схемалар жасауға арналған AutoCAD негізіндегі шешім.

Bentley «STAAD» - ҚНжЕ қосқанда, қорытынды элементтер әдісімен есептеуге және жобалардың әртүрлі нормалары бойынша болат, бетон, ағаш және алюминий конструкцияларын жобалауға арналған бағдарламалық кешен.

Bentley «Promis.e» - электр схемаларын, қосылыстар кестелерін әзірлеуден, монтаждау панельдерін жинақтаудан, сипаттамаларын жасаудан және т.б. тұратын өнеркәсіптік басқару жүйесін жобалауға арналған.

Bentley «BRCM» - кабельдік трассаларды жобалауға және кабельдерді тартуға арналған кешенді шешім.

Autodesk Revit MEP – ғимараттардың инженерлік жүйелерін: жабдықтарды жинақтауды, құбырларды және комуникацияларды таратуды жобалауға арналған.

Autodesk Inventor – стандартталмаған жабдықтарды әзірлеуге арналған. Бөлшектер мен бұйымдардың сандық үлгілерін 3D форматында жасау.

Autodesk Revit Architecture – сәулеттік жобалау міндеттерін шешу және жұмыс құжаттамаларын AutoCAD платформасында шығару үшін үздік таңдау.

Autodesk Revit Structure, AutoCAD Structure Detailing – темір бетон және металл құрылыс конструкцияларын түбегейлі жобалау.

AutoCADCivil 3D – аумақты инженерлік дайындауды және қоршаған ортаны қорғауды қосқанда, инженерлік құрылыстардың, көлік желілері мен бас жоспардың жобаларымен жұмыс жасауға арналған. Жергілікті жер ландшафтының сандық үлгісін жасау және түзеу.

AutoCADElectrical – басқарудың электр жүйесін жобалауға арналған.

AutoCADMap 3D – картографиялық деректер жасауға және оларды басқаруға арналған жетекші ГИС-платформа.

ГИС Карта – қалалардың сандық карталары мен жоспарларын жасауға және редакциялауға, Жерді қашықтықтан зондылау (ЖҚЗ) деректерін өңдеуге, әртүрлі өлшеулер мен есептеулерді, оверлейлік операцияларды орындауға, 3D үлгілерді жасауға, растрлы деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық құралдар. Графикалық құжаттарды электронды және баспа нұсқада дайындау құралдары, сондай-ақ деректер қорымен жұмыс істеуге арналған инструменталдық құралдар.

Trimble «Inpho» - фототриангуляцияны, жер бедерімен жұмыс істеуді, ортотрансформациялауды және стереовекторлауды қосқанда, сандық фотограмметрияның барлық стандартты міндеттерін шешуге арналған толық атқарымды фотограмметриялық жүйе.

Norma CS – ПИР США (сметалар шығаруды автоматтандырудың) РФ нормативтік жүйесі – жобалау-іздеу жұмыстарына сметалар дайындау, есептеу және шығаруға арналған.

АВС-4 – кешен ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ сметалық және ресурстық құжаттамаларды әзірлеуіне арналған.

Гранд Смета – сметалық құжаттамалардың барлық түрлерін жасауға және құрылыс құнын анықтауға арналған бағдарламалық кешен.

КГЦМ меншік бағдарламалары – кен-геологиялық есептеулер орындау, минералды шикізат сапашартының техникалық-экономикалық негіздеуін әзірлеу, карьерлерді, шахталарды, жалпықұрылыстық, экологиялық нысандарды жобалау және т.б. үшін.

Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05