Казгипроцветмет - Сапа менеджменті жүйесі

Сапа менеджменті жүйесі

БІЗДІҢ ҰРАНЫМЫЗ: ЖОҒАРЫ САПА, КӘСІБИЛІК, СЕНІМДІЛІК.

   Жобалардың жоғары ғылыми-техникалық деңгейін және сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы Казгипроцветметтің сапа менеджменті жүйесі (КГЦМ СМЖ) енгізілді және ISO 9001-2000 халықаралық стандарттарға сәйкестігіне сертификатталды (Қазақстан Республикасындағы «Орыс Регистрі» сертификаттау қауымдастығының және IQNet Халықаралық Сертификаттау желісінің өкілдіктерімен). Жыл сайын аталмыш ұйымдардың сарапшылары институттың сапа менеджменті жүйесінің қызмет атқаруын және дамуын растайтын инспекциялық тексерулер жүргізеді.

 

                                                                    

     2009 жылы кезекті аудиттің нәтижелері бойынша КГЦМ СМЖ ISO 9001-2008 халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификаты тапсырылды. Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді кезеңге айқындалады, институттың СМЖ мақсаттары жыл сайын әзірленеді, процесстер мен рәсімдер қажетіне қарай түзетіліп отырады.

                                       

      КГЦМ сапа менеджменті жүйесі келесі үрдістерді қамтиды:

   Басшылықтың жауапкершілігі;

   Ақпараттық-құжаттық қамтамасыз ету;

   Ресурстармен қамтамасыз ету;

   Өндірістік үрдіс;

   Жақсартулар жүйесі.

    Сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі өнімнің сапасына ықпал ететін барлық үрдістерді тұрақты түрде жақсартып отыру арқылы қамтамасыз етіледі. СМЖ саясаты мен мақсаттарын іске асыру үшін институтта дүниежүзілік стандарттарға сай келетін материалдық-техникалық және ақпараттық базалар жасалған, еңбек етудің және демалудың жақсы жағдайлары қарастырылған, жобалаудың компьютерлік технологиялары енгізілген және үнемі жетілдіріліп отырады. Жобаларда ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен қолданылып отырады. Курстарда, конференциядарда, көрмелерде мамандардың біліктілігі арттырылады. Тәжірибесі мол тәлімгерлер өз білімдерін жас мамандармен бөліседі.

   Сапа менеджментінің бірінші қағидатын – тұтынушыға бейімделу қағидатын іске асыру – бұл институттың нарық жағдайында жемісті жұмысының басты шарты. Жобалаудың технологиялық үрдісін орындау аса маңызды мақсаттардың бірі болып табылады: уәкілеттіктерді және жобалық шешімдердің сапасына жауапкершілікті нақты бөліп беру, жобалау үрдісін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, тапсырыс берушіліердің және мемлекеттік сараптаманың ескерту айту себептерін анықтап білу және жою, және соның нәтижесінде, институт қызметінің барлық көрсеткіштерін үздіксіз жақсарту. Отандық және шетелдік компаниялар басшыларының және мамандарының пікірлері бойынша «Казгипроцветмет» институты өзін сенімді және сауатты серіктес ретінде көрсете алады, сапалы, бәсекеге қабілетті жобалау өнімін шығарады және белгіленген мерзім ішінде нысандардың құрылысын және пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді. Институттың қызметі бірнеше мәрте «САЛА ҮЗДІГІ» Ұлттық бизнес-рейтингтер халықаралық рейтингтік одағының сертификатымен марапатталған.

 

                                        

 

    «Казгипроцветмет» Қазақстан бас жобалау институты (КГЦМ) қызметінің мақсаты төмендегідей болып табылады: металлургия, тау-кен өндіру, химиялық, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары мен басқа да нысандардың құрылысы мен модернизациясының жоғары кәсіби деңгейде орындалған сапалы, тапсырыс берушілердің талаптары мен күтулерін қанағаттандыратын, инновациялық жобаларды шығару. 

      «Казгипроцветмет» ЖШС негізгі стратегиялық міндеттері:

   Тапсырыс берушілерге қолданыстағы нормативтік құжаттар мен халықаралық стандарттарға сай инженерлік қызметтердің толық кешенін ұсыну.

  Өндіріске әлемдік деңгейдегі технологияларды енгізу, кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында сапалы, тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті жобалар жасау.

    Қазақстанның барлық өңірлерінде, ТМД елдерінде және алыс шетелдерде өнеркәсіп салаларындағы жобалардың ауқымын және институт қызметінің салаларын кеңейту.

    Институт жұмысының тұрақтылығын, қаржылық орнықтылығын, оның қызметінің жан-жақты жетілдірілуін қамтамасыз ету.

      «Казгипроцветмет» ЖШС мақсаттары мен міндеттері төмендегілер есебінен орындалады:

- жоғары технологиялы жобалар жасау үшін сапа саласындағы басымды міндеттерді шешу арқылы;

- институт жобасының жобалау ісіндегі көпжылдық тәжірибесінің, жоғары білікті жобалаушы мамандардың есебінен. Кадрларды үнемі оқыту және біліктілігін арттыру есебінен;

- нарық талабына сай икемді әрекет ету. Жобалау өнімдеріне тапсырыс берушілердің қажеттілігін зерттеу, болжау, барынша қанағаттандыру. Олардың күткенінен асып түсуге тырысу;

- отандық және шетелдік инвесторлармен, кәсіпорындармен, ҒЗИ мен жобалау компанияларымен, озық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеушілермен және жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен, жоғарғы оқу орындарымен әріпестік есебінен;

- барлық деңгейдегі жұмыскерлерді КГЦМ сапа менеджменті жүйесінің үрдістеріне тарту, олардың шығармашылық қабілеттерін тиімді пайдалану, жауапкершілік пен тәртіпті арттыру;

- еңбек өнімділігін арттыру және сапасын жақсартуды моральдық және материалдық ынталандыру. Кәсіби даму келешегін қамтамасыз ету, қолайлы психологиялық климат, жақсы еңбек және демалыс жағдайын жасау;

- қажетті материалдық-техникалық, ақпараттық ресурстарды және кадрлік әлеуетті үнемі толықтырып, жаңартып отыру;

- институт қызметіне талдау жасау, КГЦМ сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жетілдіру есебінен.

 

Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05