Казгипроцветмет - Халықаралық консорциум
Статьи и обзоры nachodki.ru

Халықаралық инновациялық-өндірістік консорциум

     Біздің шығармашыл ұжымымыз Қазақстанның, ТМД және алыс шетел елдерінің алдыңғы қатарлы компанияларымен жемісті әріптестік жасаудың көпжылдық тәжірибесіне ие, қол жеткізгенімізді қанағат тұтып қоймай, іскер байланыстарымыз бен қызмет ету саламызды үнемі кеңейтіп отырамыз. Бұл бағыттағы алға басқан маңызды қадамымыз 2016 жылы «Казгипроцветмет» институтының және әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің базасында құрылған Халықаралық инновациялық-өндірістік консорциум болды.
    Консорциумның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің білім, ғылым, жобалау ісін және өндірісті біріктіру арқылы экономиканы технологиялық жаңғырту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде халықаралық инвестициялар тартуды белсендіру бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру болып табылады.
    Консорциум қызметінің негізгі бағыттары:
- Қазақстан экономикасына енгізу үшін отандық және шетелдік озық технологияларды зерделеу және тарту;
- тапсырыс берушінің жобалау-конструкторлық өнімдегі қажеттіліктерінің болжамын қарастыру және талдау және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру;
- сапалы инжинирингтік және жобалық қызметтердің толық кешенін ұсыну;
- жобаларды бірлесіп іске асыру үшін халықаралық инвестициялық институттарды тарту.
    Халықаралық консорциум қызметін ұйымдастырумен және үйлестірумен Казгипроцветметтің ғылыми-инновациялық орталығы айналысады. Алғашқы жылдың өзінде-ақ Қазақстанның, Ресейдің, Австралияның, Үндістанның, Индонезияның, Корей Республикасының және басқа да мемлекеттердің алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен, технобақтарымен, трансұлттық компанияларымен, кәсіпорындарымен инновациялық технологиялар жасау, трансферті және енгізу бойынша бірлескен жұмыс туралы отыздан астам Меморандумға қол қойылды.
    Консорциум аясында білім және тәжірибемен алмасу жүзеге асырылуда, пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау және өңдеудің қағида тұрғысынан жаңа технологияларды бірлесіп әзірлеу, әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар жасау, экология, еңбекті қорғау, ресурстарды үнемдеу, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін шешу жүргізіліп отыр. Консорциум еліміздің Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасын орындауға, еселі инновацияларды ынталандыруға бағытталған ҚР Білім және ғылым министрлігінің конкурстарына қатысады.
    Консорциумның зияткерлік өнімінің тапсырыс берушілері және тұтынушылары институттың бұрынғы да, жаңа да серіктестері – Қазақстанның және ЕАЭО елдерінің аса ірі кен алу, металлургия, машина жасау, химия, мұнай-химия, энергетикалық компаниялары болып табылады. Біз олардың инновациялық дамуына жан-жақты ықпал етуге тырысамыз.
 
 
Біздің мекенжайымыз:
«Казгипроцветмет» ЖШС,
070018, Қазақстан Республикасы,
Өскемен қ., Ворошилов к-сі, 156
Телефондар:
Бірінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 22-62-01
Екінші қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 20-82-23
Факс: +7 (7232) 22-62-05